Байқау

Үздік пошташыларға газет жүлдесі тапсырылды

Бүгін пошташылар марапатталды. Аталған байқауды «Saryarqa aqparat» ЖШС ұйымдастырған-ды. Яғни, «Үздік нәтиже үшін» атты байқау шеңберінде облыстық «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттеріне екінші жартыжылдыққа жазылу науқанын тиімді ұйымдастырған пошташылар ақшалай сыйлыққа ие болды.

Суреттерді түсірген А.МАРЧЕНКО

Байқау газеттерді көпшілік арасында насихаттау, беделін көтеру, танымалдылығын арттыруды көздейді. Және жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Салтанатты рәсім «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалы ғимаратында өтті.

Іс-шараға «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Мүсіреп Хасенов, «Saryarqa aqparat» ЖШС директорының міндетін атқарушы Дархан Жақыпбек, «Ortalyq Qazaqstan» газетінің шеф-редакторы Нұрқанат Қанапия және «Индустриальная Караганда» газеті Бас редакторының орынбасары Станислав Песнев қатысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Мүсіреп Мұратұлы почта қызметін цифрландыру жүйесі жедел жүргізіліп жатқанын айтты. Алайда, кемшіліктер бар екенін де жасырмады. Газетті оқырманға жеткізудегі кемшіліктерді жоюға жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Сонымен қоса, келесі науқанда оқырмандар газетке интернет арқылы жазылу мүмкіндігіне ие болатынын жеткізді.

Өз кезегінде Дархан Ілиясұлы газеттің маңызы, саяси салмағы туралы сөз қозғап, газет мен оқырман арасына көпір бола білген пошташыларға үлкен ризашылығын білдірді. Байқау алдағы уақытта жалғасын табатынына сенім білдірді.

Газетке жазылу науқанында үздік нәтиже көрсеткен Саран пошта бөлімшесінің басшысы Н.Розова І орынға және 50 мың теңге сыйақыға ие болды.


Сондай-ақ, ІІ орынды еншілеген Қарағанды ЖБО басшысы Л.Мироноваға 40 мың теңге сыйақы табысталды.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Back to top button