Облыс әкімдігіндеОблыс әкімі

Марапат иесін тапты

Наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар қарағандылықтар еліміздің дамуына қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, жеке жанқиярлығы үшін ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталды облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК Мемлекет басшысының атынан ордендер мен медальдарды тапсырды.

Суреттер облыс әкімінің баспасөз қызметінен

 

«Құрмет» орденімен «Нұрстройсервис-2050» ЖШС басшысы, Қарағанды Әкелер Одағы филиалының төрағасы Еркебұлан Бодықов, жеке кәсіпкер Мұхтар Жарымбетов, қоғамшыл Айсұлтан Жақыпов марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Еңбек ардагері Нұрсахан Бейсенбекова және Қарағанды облысы пенчак силат Федерациясының басшысы Мақсат Ибрагимов марапатталды.

Жеңіс Қасымбек мемлекеттік награда иелерін Наурыз мерекесімен құттықтады. Кездесуге қатысушылар олардың еңбегі мен қоғамдық қызметіне жоғары баға бергені үшін алғыстарын білдірді.

– Мақтаныш сезіміне бөленіп тұрмын. Жерлестеріме, халқымызға, Президентке үлкен рахмет! Бұл жоғары награда елімізге одан әрі пайда әкелу, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлес қосу үшін жауапкершілік жүктейді, – деді Еркебұлан Бодықов.

– Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мен бұл ЖОО-да 48 жыл жұмыс істеймін, өз өмірімді жастарды оқыту мен тәрбиелеуге арнадым. Менің еңбегімді жоғары бағалағанына ризамын. Біз, аға буын, жастарға үлгі болуымыз керек, жастардың өз тарихын, салт-дәстүрін білуі үшін еңбек етіп, барынша тырысуымыз керек, – дейді “Тұлғатану” ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ғалым және педагог Нұрсахан Бейсенбекова

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button