Қарағандыда Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдығы атап өтілді
Қарағандыда «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ол Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдығына арналды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты хабарлады.
Ісләм Жарылғапов ұлттық терминдердің білгірі, ғалым, аудармашы, жазушы болды. Олқазақ тілінің сөздігінің қорын 5000-нан астам жаңа сөздер ойлап тауып, толықтырды. аялдама, көрермен, балмұздақ, оқырман, теледидар секілді сөздер.
Ісләм Жарылғапов қалдырған ауқымды және маңызды мұра туралы конференцияғақатысушылар айтып өтті. Олардың қатарында Халықаралық «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымының Бас xатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аxмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, академик Өмірзақ Айтбаев, сондай-ақ Анкара қаласының Гази университетінің профессоры, Түркітану орталығының директоры Хулия Касапоглу Ченгел, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Булудхан Азизоглу Халилов және басқалары болды.
– Ісләм Жарылғапов сөз саптаудың теңдесі жоқ шебері болған. Біз барлығымыз ол ойлап тапқан сөздерді қолданамыз, жінеде ол сөздер өте көп. Олар 30-40 жылдары ойлап табылған, алайда қазіргі таңда оларсыз қазақ тілін елестету қиын. Ісләм Жарылғапов қазақ тілінің сөз қорын еселеді, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов конференцияның ашылуы барысында.
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жазушының ойлап тапқан және аударған сөздері қазір барлық түркі тілдес әлемде қолданылатынын атап өтті.
Конференцияда сондай-ақ терминология және аударма мәселелері, қазақ тілінің латын графикасына көшуінің ғылыми-әдістемелік негіздері талқыланды.
– Латын қарпіне ауысу тек әліппеге ғана қатысты емес, оның жалпы тілге де қатысы бар. Бұл үлкен процесс. Түркі тілдес елдер арасында байланысты нығайту үшін Ісләм Жарылғаповтың еңбектері өте маңызды, себебі 25 жылда түркі тілдес халықтар бір-бірлерінен алыстап кетті,- деді Дархан Қыдырәлі.
Баяндамалармен ортаға танымал лингвистер, әдебиеттанушылар, тарихшылар шықты. Түркиядан келген қонақ Холия Касапоглу Ченгелдің айтуынша, латын графикасы елдердің жақындасуына септігін тигізеді.
– Ісләм Жарылғапов қазақ тілі үшін көп еңбек жасаған, көптеген сөздер ойлап тапты, олар Түркияда да қолданылады. Мен сіздердің Президенттеріңіздің латын графикасына көшуге байланысты бастамасын қолдаймын. Бірыңғай әліппе түркітілдес елдердің жақындасуына септігін тигізеді. Қазақстан толықтай латын графикасына көшкен соң біз өзіміздің ортақ сөздерімізді дамыта аламыз, сіздердің әдебиеттеріңізді оқитын боламыз, – деп санайды профессор Хулия Касапоглу Ченгел.
Конференцияға қатысушылар үшін көрме ұйымдастырылды. Онда Ісләм Жарылғаповтың өлеңдер жинағын, отбасылық фото суреттерін, еңбек кітапшасын тамашалауға болды.
– Өзінің «Сәкен елі» өлеңдер жинағының қолжазбасын біздің мұражайға кезінде Ісләм Жарылғапов өзі берген, – дейді Жаңаарқа ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкері Гүлзат Жұмасейітова.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аxмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Ерден Қажыбек жиналғандарға ҚР білім және спорт министрлерінің аттарынан құттықтауларын жеткізіп, облыс әкіміне алғыс хаттар табыс етті.
Ісләм Жарылғапов 1918-ші жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа аудандық қазіргі Бірлік ауылкеңесінің аумағында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1938 жылы Алматы педагогика училищесін тәмамдаған, 1942-ші жылы – Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін аяқтаған. Қазақ КСРО Наркомпрос жүйесінде жұмыс істеген, мектепте және ЖОО ұстаздық еткен.
Соғыс жылдары Алматы обкомы мен комсомол гокомының хатшысы болып сайланған, БЛКЖО ОК (ЦК ВЛКСМ) лекторы болған.
Біраз уақыт Жоғары дипломатиялық мектепте оқыған, алайда денсаулығына байланысты оқуын тоқтатуға мәжбүр болды.
1946-шы жылдан 1952 жылға дейін Ісләм Жарылғапов Қазақстан КП ОК аппаратында қызмет еткен, соңыра – Қазмемәдебиетбасылымда, Қар КСРО Мәдениет министрлігінде жұмыс істеген, «Жұлдыз» журналының бас редакторының орынбасары болған.
Орыс классиктерінің, батыс-еуропалық және орыс кеңес жәзушыларының көптеген туындыларын қазақ тіліне аударған – М. Пришвиннің «Кладовая солнца», Ю. Германның «Рассказы о Дзержинском», В. Бре-дельдің «Эрнст Тельман», А. И. Герценнің көркем туындыларын, Н. К. Крупскаяның, Добролюбовтың, Шолоховтың, Эренбургтің публицистикалық мақалаларын.