Бейнелеу өнері мұражайына бірегей жәдігерлер қойылды
Қарағанды музыкалық комедия театрының тарихы жайлы баяндайтын сирек жәдігерлерді бейнелеу өнері мұражайынан көруге болады. Мұнда ескі афишалар, әртістердің портреттері, костюмдері, суреттері мен театр ашылғанда табысталған символикалық кілттер ұсынылған, – деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Көрме Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының жылдығына арналған.
– Театр үшін жыл – бұл бір дәуір. Бұл уақыт аралығында театрдан қаншама мықты шығармашылық тұлғалар өтті, біз олармен бірге жұмыс жасағанымызды мақтан тұтамыз,-деді музыкалық комедия театрының директоры Амантай Ыбраев. – Сонымен қатар біз жаңа есімдерді ашамыз. Жыл сайын бізге көптеген жас таланттар келеді. Біздің театрды қаламызда жақсы көреді, көрермендер жақсы көреді, меніңше, біз бұған лайықпыз. Мерекелік шаралар басталды. Жақында театрда халықаралық оперетта және мюзикл фестивалі ашылады. Ал 16-шы қарашада театрымыз көрермендермен және жанкүйерлермен өзінің 45 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Бейнелеу өнері мұражайындағы көрмеге 300 астам жәдігер қойылған. Олардың арасында картиналар, әртістердің портреттері, түрлі жылдардағы афишалар, театр туралы мақалалар жарық көрген журналдар, костюмдер мен фотосуреттер бар.
– Бұл жерден Владимир Честиковтың портреттік жұмыстарын көруге болады,-дейді театрдың әдеби бөлімшесінің меңгерушісі Елена Морозова. – Ол қазір жұмыс істемейді, бірақ басында хор әртісі, кейін бутафор цехының меңгерушісі болды. Ол біздің театрда жұмыс істеген және әлі де істеп жүрген көптеген әртістер портреттерінің авторы. Сонымен қатар көрмеде театрдың бірінші суретшісі Мәлік Байкенов салған эскиздер мен картиналар жұртшылық назарына ұсынылған. Алғашқы афишалар бар, олар бұрын қазіргідей баспада басылмай қолмен салынған. Сондай-ақ көрмеден театр мұрағатынан алынған фотоматериалдарды көруге болады. Олар өте көп, оның барлығын бір бөлмеге сыйғызу мүмкін емес. Біз көрмеге арнап 250 сурет дайындаған едік, алайда мында тек оның 50-і ғана сыйды. Экспозиция үшін реквизиторлар мен бутафор цехының жұмыстарын жинадық. Бұл экспонаттар театр атмосферасын сезіндіреді.
Көрмеге келушілер мадақтамалар мен театр ашылғанда табысталған алғашқы символикалық кілттерді тамашалай алады.
– Мынау 1973-ші жылы театр ашылғанда Теміртауда табысталған кілт. Ол кезде театр сол жерде орналасқанды. Театр қызметкерлері тұрған жатақхананың «шымшық ұясы» деп атап кеткен. Неліктен? Себебі әртістер таңертең ерте дауыстарын жаттықтыра бастаған, Теміртауда ондай бұған дейін болмағанды. Олар барлығын оятқан. Кейін әртістерге жүзден аса пәтер берілді. Сондай-ақ екінші кілт бар, оны бізге 1980 жылы КМС ғимаратына көшіп келгенде табыстады. Кілттердің тарихы осындай,-деп еске алды Елена Морозова.
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры өзінің бiрiншi театр маусымын 1973 жылдың 16-шы қарашасында И.Дунаевскийдің «Вольный ветер» опереттасымен ашты.
Театр өз тарихында гастрольдік сапармен Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Қытай елдерінің 200-ден астам қаласында өнер көрсетті.
Репертуарында 280 астам қойылымдары бар, соның ішінде қазіргі заманауи және әлемдік классикалық опереттаның маржаны.
Труппада 150-ден астам әртістер бар, бірақ бүкіл театр ұжымы- шамамен 300 адамды құрайды.
Қарағанды музыкалық комедия театрына «Академиялық» атағы 2000-шы жылы берілді.
Театр тарихынан сыр шертетін көрме бейнелеу өнері мұражайында 30-шы қазанға дейін жалғасады. Кіру 200 теңге.



