Бұқар Жырау ауданында виртуалды сот процессі өтті
Бұқар жырау ауданының аудандық сотында бейнеконференц байланыс арқылы некені ажырату бойынша азаматтық іс қарастырылды.
Жауапкер сот залында болмады. Бірақ шынайы уақыт режимінде «TrueConf» мобилді қосымша арқылы отырысқа қатысты.
«Виртуалды сот» жобасы істерді қарастыруда ыңғайлы, қолжетімді, жедел баламаға айналды. Мобилді бейнеконференц байланыс уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді, деп атап өтті Бұқар Жырау аудандық соты баспасөз-қызметінің өкілдері.
Осы жылдың қаңтарында Қазақстанның Жоғарғы сот Төрағасы Жақып Асанов елімізде виртуалды сот құруды тапсырған болаты. «Жасанды ой-өріс – сәнді сөзге берілу емес. Ойлап көріңіздерші, компьютер санаулы секундтарда барлық сот тәжірибесі мен заңдарды өңдеп шығып, әр сот төресіне қажетті нұсқаулар береді. Біз ІТ-технологияларды әрбір сот төресі қолдана алуы үшін жағдай жасауымыз қажет. Әрине, біз үшін ол қиял-ғажайып секілді болып көрінер, бірақ жақын арады оның барлығы шындыққа айналады. Осы алдағы екі-үш жылға міндет қоямыз – процесстің барлық қатысушыларын сот залында жинаудың қажеттілігі болмайтын виртуалды сот құру. Олардың әрқайсысы үйінде, шет елде болса да, процесске қатыса алады», – деді Жақып Асанов еліміздің Жоғарғы соты сот төрелерінің кеңейтілген отырысында.