"Білгенге маржан"

Мафусаил

Жаһандағы ең кәрі ағаштың аты – Мафусаил. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Инио ұлттық орманында өсіп тұр. Теңіз деңгейінен үш мың метр биіктікте тұрған бұл қарағайдың жасы – 4849-да.

Қарағайды 1957 жылы Эдмунд Шульман есімді ғалым тапқан. Алайда, орман қорғаушылары әлі күнге дейін ағаштың нақты тұрған жерін көпшіліктен жасырын ұстап отыр. Себебі, ағашты көруге құмарлар қарасы қалың. Қаптаған кісі қарағайға зиян тигізері анық.

Ғалымдардың пайымдауынша, Мафусаил біздің дәуірімізге дейінгі 2831 жылы жер бетіне өсіп шығыпты. Яғни, Мысырда перғауындар пирамида салып жатқан кез. Шіркін, тіл бітсе, талай сырды ақтарып салар еді…

Маржан терген Нұрқанат ҚАНАПИЯ.

Басқа материалдар

Back to top button