Бас тақырып

2025 жылы Ораза қашан басталады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Сурет: muftyat.kz

Жария болған кестеге сәйкес, 2025 жылы Рамазан айы 1 наурыз бен 29 наурыз аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 26/27 наурыз.

Ал Құрбан айт 6-8 маусым аралығында белгіленген.

– Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, – делінген ҚМДБ тартқан хабарламада.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button