Жаңалықтар

Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуге бөлінген 1 млрд теңге қайда жұмсалуда?

Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты мүгедек жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін бюджеттен бөлінген 1 млрд.теңгенің қайда жұмсалып жатқанын хабарлады.

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі 66 мың адам тұрады, ол жалпы тұрғандар санының 4,8% құрайды. Аймағымызда 5031 мүгедек балалар бар. 
Мүгедектер санына байланысты облысымыз республика бойынша үшінші орында тұр. Мүгедектерге әлеуметтік көмекті қаржыландыруға облыстық бюджеттен бөлінетін қаражат жылдан жылға ұлғайтылады. 
Егер 2015-ші жылы 330 млн теңге болса, 2017 жылы – 832 млн теңге, 2018 жылы – 968,7 млн теңге. 
Бұған қоса, республикалық бюджеттен де қаржы бөлінеді. Биылғы жылы – 600 млн теңгеден астам. 
Қазіргі таңда 20 388 адам теxникалық оңалту құралдарын және санаторлық-курорттық ем алды. Бұл сан қорытынды емес – көмек көрсету әлі де жалғасып жатыр. 
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектер протездер, ортопедиялық аяқ киім, балдақтар мен таяқшалар, жүру арбаларын алады. Жыл басынан бері протездік-ортопедиялық құрал жабдықтармен 1754 адам қамтамасыз етілді, ал жыл соңына дейін ондай жабдықтарды тағы 4 285 мұқтаж жандар алуы тиіс.
Көру мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қазіргі таңда тифлокешендердің орнына сөйлеу синтезімен қамтамасыз етілген бағдарламалары бар ноутбуктер беріледі. Ондай бір ноутбук 700 мың теңге тұрады. Ондай құрылғыға мұқтаж адамдарды кезек бойынша қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті төмен мүгедектер веб-камералары бар ноутбуктер беріледі.
Коxлеарлық имплантация жасаған мүгедек балалар мен ересектер істен шыққан сөйлеу процессорын ауыстыру мүмкіндігіне ие болды. Мұндай бір құрылғы 3,5 млн теңге тұрады. 
Серуенге шығатын арбалар 5 жыл, бөлмелік арбалар 7 жыл мерзірге беріледі. 
Қарағанды облысы тасымалдау құралдарын сатып алады. Олар әмбебап және жеңілдетілген: қажет болған жағдайда ені ұзартылады және салмағы 20 келіден аспайды. Бүгінгі таңда арбаларды 722 адам алды.
Жөргектер де көбірек беріле бастады: жылына 730 дана. Гигиеналық құралдарға сонымен бірге жаялықтар, тері мен денені тазалауыштар, иіс бейтараптандырғыштар қосылды. 
Облыс бойынша 7 қалада мүгедектер “инватакси” қызметіне жүгінеді. Ондай автомобильдер саны қазір 31, оның 14-і арбаға таңылғандарға арналған көтергіштермен жабдықталған. “Инватаксидің” басым бөлігі Қарағандыда – шамамен 20 көлік. 
2018-ші жылы облыста есту және көру бойынша мүгедектерге арналған “Surdo-Online” жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Бұл жүйе ақпарат және қызмет алғанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең шарттар мен жағдай қамтамасыз етеді. Қызмет ету саласы: ХҚКО-тар, жұмыспен қамту орталықтары, салық комитеттері, кейбір емxаналар. Тірі аудармашының орнына онлайн режимде бейнеконферецбайланыс көмегімен компьютер немесе смартфон арқылы қарым-қатынас құруға мүмкіндік беретін жасанды зерде қолданылады. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button