Қоғам

Екпе алу – маңызды

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы сарапшылары жыл сайын 1 миллионға дейін жіті респираторлық-вирустық инфекция тіркелетінін айтады.

Күз-қыс маусымында жіті респираторлық аурулардың өршитіні белгілі. Жыл сайын Қазақстанда 500 мыңнан 1 миллионға дейін жіті респираторлық-вирустық инфекция тіркелетінін айтады мамандар. Ауырғандардың 64 пайызынан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар. Яғни, әрбір ауырған үш адамның екеуі – бала.

Жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы негізі қазан айында басталып, мамырға дейін жалғасады. Осыған байланысты мамандар коронавирус індетіне қатысты алаңдаушылық танытуда. Ал, жалпы, Қазақстанда тұмаудың үш штамы, яғни, Н1N1, Н3N2 және В тіркелген.

– Жыл сайын вакцина жасау алдында елімізде таралған вирустар штамдарын анықтаудың мәні зор. Өйткені, оған қарсы егілетін вакцинаның сипаты маңызды. Осыған байланысты біздің зертханалар жұмысы арқасында биыл тұмаудың үш түрін тіркедік, – деді Ұлттық денсаулық сақтау орталығының инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Жұмабек Бекенов коронавирус жағдайына байланысты тұмауға қарсы вакцинаға аса мән беріп отырғандарын айтады. Сондықтан, екпені уақытында алудың маңызы зор. Себебі, ауруға қарсы антидене пайда болуына кемінде екі-үш апта уақыт керек.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button