Бас тақырып

17 жастағы қазақстандық таеквондошы Олимпиада жолдамасын иеленді

Батырхан Төлеуғали Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Туризм жəне спорт министрлігінен

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан Төлеуғали турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) 2:0 есебімен ұтқан еді. Ал жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабруктен басым түсіп, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді.

Осылайша, 17 жастағы спортшы өзінің алғаш Олимпиадасына жолдама алды. Батырхан – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.

Олимпиада жолдамасы сарапқа салынып жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен келген 96 таеквондошы қатысып жатыр.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button