Облыс әкімі

Жылу жүйесін жөндеу басталды

Қарағандыда жылыту маусымы аяқталды. Алдағы қысқа дайындық басталды. «Караганда Энергоцентр» ЖШСжылу көздеріндегі жөндеу туралы мәлімдеді.

«ЖЭО-1 және ЖЭО-3-те негізгі жабдықтарының 26 бірлігі алдағы қысқы кезеңде жүктемені көтеруге дайын болады. 13 қазандық агрегатта, 10 турбоагрегатта және үш су жылыту қазандығында күрделі, кеңейтілген және ағымдағы жөндеулер жүргізіледі. Жөндеу жоспары мен кестесі анықталды. Қажетті ұйымдастырушылық-техникалық дайындық жүргізілді. Мердігерлік ұйымдармен шарттар жасалды», – делінген компания хабарламасында.

Жөндеу жұмыстарының бюджеті – 11,8 млрд. теңге.

Компанияның мәліметінше, ЖЭО-3-те екі қазандық агрегаты мен екі турбинаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ЖЭО-1-де 2 мамырдан бастап, екі қазандық агрегатын күрделі жөндеу жоспарланған. Кестеге сәйкес су жылыту қазандығын ағымдағы жөндеу басталады. Барлық жоспарланған жұмыстарды 30 қыркүйекке дейін аяқтау көзделіп отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button