КоронавирусОблыс әкімі

Қарағанды облысында соңғы күндері COVID-19 ауыруының төмендеуі байқалады

Соңғы бірнеше күнде Қарағанды облысында COVID-19 ауыруының төмендеуі байқалады. Бұл туралы Saryarqa телеарнасындағы брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

– Біз жедел жәрдем шақыруларының азайғанын көріп отырмыз. Егер бұрын, ең қарқынды күндерде ол екі мыңға жетсе, ал қазір әлдеқайда төмен. Сондай-ақ ауруханаға жатқызудың төмендеуі байқалады. Бір ай бұрын және одан бұрын біз науқастар санының өсуін байқадық, содан кейін шамамен бір деңгейдегі көрсеткіштермен тұрақтылық болды. Тәулігіне 500-ге жуық адам ауруханаға жатқызылды, – деді ол.

Қазіргі уақытта пульмопровизорлық және инфекциялық стационарлар 60%-ға толтырылған. Соңғы бірнеше күн ішінде сауығып шыққан пациенттердің саны ауруханаға жатқызылғандардың санынан асып түсті.

Өңірде барлығы 6 444 COVID-19 жұқтырған, күнделікті өсім 1,5% құрайды. Қазір стационарларда 2,5 мыңнан астам адам бар.

Басқа материалдар

Back to top button