ЖәдігерРуханият

ҚҰНАНБАЙДАН қалған құндылық

Ежелден құт дарып, қасиет қонған Қарқаралы – қазақ халқының дара да дана перзенттерінің ізі қалған киелі жер. Солардың бірі – Абайдың әкесі Құнанбай. Ол 1849-1952 жылдар аралығында Қарқаралы округіне аға сұлтан болып сайланған кезінде мешіт салу ісін қолға алады.

Құрылысқа халықтан ерікті түрде қаражат жиналады. Арнайы ресми құжаттар дайындап, жауапты адамдарды да бекітеді. 1851 жылы мешіттің құрылысы толықтай аяқталып, окруктегі жалғыз мешіт мұсылман қауымының имандылық ордасы болып қызметін бастайды. Шамамен 1930 жылы мешіт мұнарасы бұзылады. Мешіттің мұнарасындағы алыстан менмұндалап көз тартатын алтын түстес айшығын құлатқан адамның сол жерде-ақ жантәсілім еткендігі туралы да деректер бар. Бүгінде аталмыш айшық белгілі өлкетанушы Ерлан Мұстафиннің қолында.

– Айшықтың бар екендігін естігеннен кейін, іздеуге кірістім. Үлкендерден естіген деректерім бойынша айшықты Сәду молда сақтап қойған екен. Ол кісінің көзінің тірісінде Ақжан Машанов келіп, айшық туралы сұраса керек. Әрі ол кісінің мешіт қайта ашылса айшықты қайта орнатуға немесе мешіт ішіне ілгіземін деген жоспары да болған екен. Алайда, мешіт ашылар кезде ол кісі келе алмайды. Айшық та ілінбейді. Белгісіз себептермен жоғалып кетеді. Қарқаралылық ақсақалдардан сұрастыра жүріп, айшықты біреудің қорасынан тауып, үйге алып келдім, – дейді Ерлан Мұстафин.

Айшық бүгінде өлкетанушының үйіндегі бағалы қазынаның бірі. Арада 169 жыл өтсе де, сыны кетпеген. Тарихы тереңнен тамыр тартқан тағылымды дүниені Ерлан Мұстафин көзінің қарашығындай сақтап отыр.

Сағыныш ӘБІЛ.

Басқа материалдар

Back to top button