Руханият

Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздіктің басты тірегі – ол мемлекеттік тіл. Тілдің адам өмірінде алатын орны ерекше. Тіл – қасиетті, қастерлі, мәңгілік. Әр елдің баға жетпес мұраларының бірі. Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ айтқандай: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі».

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басты бағыттардың бірі – қазақ әліпбиін латын жазуына көшіру. Латын графикасына көшу, көпшіліктің көңілінен шыққандай болды. Бұған қатысты қазіргі таңда көптеген қоғамдық талқылаулар, жобалық зерттеулер, конференциялар, курстар, жиналыстар, іс-шаралар өткізілуде.

Біз 2025 жылдан бастап, әліпбиімізді латын қарпіне көшіруіміз керек. Көшкен күннің өзінде тіліміз ешқашан жоғалмайды. Қазақ жазуын латын әріптеріне көшірудің басты мақсаты – бұл қазақ тілін дамытуға жасалып жатқан дүние.

Латынға көшкенде не ұтамыз? Ең алдымен дамыған мемлекеттердің қатарына қосыламыз, қолданысқа енген артық кірме сөздерден арыламыз, ең бастысы тіл тазалығы сақталады.

Тарихқа сүйенсек, бүгінгі таңда кириллицаны әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал, қалған мемлекеттердің бәрі латын әліпбиін қолдануда. Латын әліпбиі әлі бекітілмесе де, халықтың арасында кеңінен қолданысқа ие. Смс хаттар, Алтын күмбезіміз – Елтаңба, газеттердің атаулары және тағы басқалары латын әліпбиінде жазылуда. Осы уақытқа дейін ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасы реттеліп, қалпына келтіру үстінде. Алдағы уақытта қолданатын, бір нұсқа бекітіліп, латын әліпбиіне көшіп, қазақ тілінің болашағы жарқын болады деген үміттемін.

Айғаным БАЛДАЕВА,

«Қарағанды қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

№ 5 балаларға қызмет көрсететін кітапхананың меңгерушісі.

Басқа материалдар

Back to top button