Ресми

Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында жаңа басшы

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына Нұржан Ильяш тағайындалды. Осы қызметке дейін ол Қарағандының ішкі саясат бөлімін басқарды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Нұржан Ильяштың «Дүниежүзілік тарих және құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1999 жылы Қарқаралы ауданының №23 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Содан кейін сол оқу орнында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қарағанды Д.Қонаев атындағы университетінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болды.

2022 жылдың маусымынан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімін басқарды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button