Жаңалықтар

Дүйсенбіде ауа райы қандай болады?

Қазақстан аумағында кей жерлерде жауын-шашын, негізінен қар жауады, оңтүстік-шығыста қалың қар түседі. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, қатты жел соғады, — деп хабарлайды синоптиктер. 

Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші — 15-20 м/с.

Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарында тұман түседі, таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с болады. 

Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. 

Атырау облысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысында кей жерде қатты жел соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, көктайғақ, күндіз боран соғады. 

Павлодар облысында кей жерде желдің күші 15-20 м/с болады, бұрқасындатады. 

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде боран соғып, тұман түседі. 

Дереккөз:  sputniknews.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button