Жаңалықтар

101 жастағы әже 4 келі бала босанды

Мұндай жаста бала көтерудің өзі ақылға қонымсыз. Алайда, Құдайдың құдіретінде шек жоқ. Оқиға Италияда орын алған. 

101 жастағы әже 4 келі бала босанды
фото: lunanews.net

Анатолия 48 жасқа дейін 16 құрсақ көтерген. Бұдан да көп бала болғанын қалағанымен, ол қатерлі ісікке шалдығады. А.Вертаделла мұны өзінің күнәлары үшін Құдайдың берген жазасы деп ұғады. Көп жыл өткен соң, қайтадан бала көтеру қабілетіне ие болған әйел мұны Құдайдың берген сыйы деп қабылдайды.

Бұл құдірет әженің аналық бездерін ауыстырып жасаған отадан кейін орын алған. Еврокеңестің төңірегінде аналық безді ауыстыру отасы заңсыз болып есептеледі. Сондықтан Анатолия бұл отаны Түркияның жекеменшік клиникаларының бірінде жасаған.

Вертаделланың күйеуі 1998 жылы қайтыс болған. 101-дегі Анатолияға католик дінін берік ұстанатын 26 жастағы ер азамат ұрық доноры болыпты (бұл әжейдің ең маңызды шарты болғанға ұқсайды). Жүктілік пен босану сәтті өтіп, 101 жастағы әже осылайша 4 келі нәрестені дүниеге әкеледі.

Жүзден асқан әйел өзінің түпкі мақсатын орындау үшін баланы өз қалауымен дүниеге әкелгенін айтады.

Аталмыш оқиға бұрын-соңды болмаған деуге келмейді. Бұған дейін ОАР мемлекетінің тұрғыны Малегвале Рамокгопа 92 жасында ана атанған болатын. Анатолия Вертаделла болса ендігі кезек өзінің 17-ші баласын Құдай берген ғұмырының соңына дейін тәрбиелемек екен.

Бұл оқиға бірнеше жыл бұрын болған. Қай жылы болғаны туралы нақты деректер жоқ. 

Ortalyq.kz 

reactor.

lunanews.net

Басқа материалдар

Back to top button