Спорт

Ерғали Шамей – Азия пара ойындарының жеңімпазы

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының аясында Қазақстаннан келген спортшылар пара дзюдодан бірінші, екінші орынды иеленді.

Сурет: ҚР спорт және туризм министрлігі

Шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасы Асылан Нұрдәулетовпен күресті. Осылайша, қазақстандық пара дзюдошылар Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтын және бесінші күміс медальді салды.

– Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Қазақстан сіздермен мақтанады және сіздерге жанкүйер. Алдағы турнирлерде де Қазақстан гимні шырқала берсін. Жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін, – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Басқа материалдар

Back to top button