Жаңалықтар

«100 нақты қадам» – Ұлт болашағы

Мемлекет Басшысы жария­лаған «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталатын екінші бағыты бойынша еліміздің сот жүйесінде бірқатар өзгерістер болды. Соның ішінде ең маңызды өзгерістердің бірі – 16-қадам, яғни, бұрынғы бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қада­ғалау және қайта қадағалау) үш сатылы (бірінші, апел­ляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу. Азамат­тардың сот төрелігіне қол­жетімділігін арттыру мәселесі Елбасы назарынан қашанда тыс қалған емес. Яғни, сот жүйесі инстанцияларын оңтайландырудың біздер үшін де, қарапайым халық үшін де тиімділігі бүгінгіден де жоғары болмақ. Қолданыстағы 5 сатылы сот жүйесі үш сатылы болып өзгерді. Таратып айтар болсам, бұрын тараптар бірінші сатылы сот шешіміне қанағаттанбаған жағдайда апелляциялық, одан кейін кассациялық алқаға шағымданып, кейін қадағалау, қайта қадалағау сатыларына дейін шағымдануға мәжбүр болатын. Реформа жасалғаннан кейін бұл бес саты бірінші, апелляциялық және кассациялық сот төрелігіне жүгінуге, яғни, үш сатылық инстанцияға көшу жүйесі енгізілді.

Үш сатылы сот жүйесі – халықаралық тәжірибеде бар үрдіс. Әлемдегі сот тәжірибесінде көрсетілгендей, аралық сатылар­дың көп болуы сот процестерін қасақана ұзартуға және сот шешімін сөзбұйдаға салуға ықпал етеді. Сот шешімінің бірнеше рет өзгеріп, күшін жоюы-республика атынан шешім қабылдайтын соттардың беделіне нұқсан келтіретін факторлардың бірі. Себебі, апелляциялық және кассациялық сатылардың бір облыстық сотта шоғырлануы сот істерін қараудың созылып кетіп, шешім қабылдаудың қиындауына негіз болуда. Бұған қоса кассациялық алқа іс жүзінде Жоғарғы Сотқа жүктелген қадағалау сатысының қызметін атқарып, күшіне енген сот шешімін қайта-қайта өзгеріске ұшырауына алып келуде. Осындай мәселелерді ескере келе, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия сот жүйесінің сатыларын оңтайландыру туралы бастаманы қолдап бірінші саты – аудандық соттар, апелляциялық саты – облыстық соттар, кассациялық саты – Жоғарғы Сот болады деген шешім қабылданды.

Ұлт Көшбасшысы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» мем­лекетті жаңғырту жолындағы бағдарлама ретінде жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы күресуге жұмылдыратын әрі еліміздің әлемдегі дамыған мем­лекеттердің отыздығы қатарына қосылуына жол бастайтын қауқары зор маңызды құжат» деп атап көрсетті.

Елбасы бағыт-бағдарын ай­қын­дап берген нақты міндеттерді мінсіз орындау – біздің басты міндетіміз демекпін.

Б.СЕРҒАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button