Бас тақырып

1 наурыз – алғыс айту күні

Бүгін, 1 наурыз – Алғыс айту күні. Алғыс айту күні 2016 жылдың 1 наурызынан бастап аталып өтеді.

Сурет: Ақорда

Бұл – азаматтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыс айтатын, елді бірлікке шақыратын мереке. Еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп, ел ертеңі үшін еңбек етіп жатыр. Бұл – еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына біріктіретін күн.

Осылайша сол жылдан бастап елімізде «Алғыс айту күні» халық мейрамы ретінде аталып өтеді. 

Қазақстан – көптеген ұлт өкілінің басын біріктіріп отырған мемлекет. Алғыс айту күні соның куәсі. Себебі бұл күні қазақстандықтар ұлтына, діні мен жас ерекшелігіне қарамастан бір-біріне алғыс айтады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button