Медицина

1 қазаннан бастап Қарағанды облысында тұмауға қарсы вакцинация басталады

1 қазаннан бастап Қарағанды облысында тұмауға қарсы екпе басталады. Халықты иммундау үшін “Гриппол +” вакцинасының 137 мың дозасы сатып алынды.

“Гриппол +” белсенді емес вакцинасы Ресейде өндірілген және құрамында А (H1N1 және H3N2) және В кіші типті тұмау вирусының штамдары бар, бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Нүркен Түкеев мәлім етті.

– Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 60 жастан асқан адамдар иммундауға жатады. Сондай-ақ, негізгі ауруға байланысты тұмауды неғұрлым ауыр өткізетін адамдар вакцинациялауға жатады, – деді Нүркен Түкеев. 

Вакцинация науқаны қараша айының соңына дейін жалғасады.

Спикер тұмаудың ауыр асқынулары қауіпті екенін еске салды. Көбінесе науқастарда созылмалы аурулар күшейеді.

– Тұмау ауруының алдын алу үшін адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу, үй-жайды үнемі желдету ұсынылады. Сондай-ақ мүмкіндігінше науқас адамдармен байланысты шектеу қажет. Егер тұмау немесе ЖРВИ белгілері пайда болса, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек, – деп атап өтті Нүркен Түкеев. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button