№1 Қарағанды көпсалалы ауруханасында заманауи рентген аппарат пайда болды
Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасына жаңадан «С-дуга» заманауи жылжымалы рентген қондырғысы сатып алынды. Жаңа құрылғы күрделі урологиялық және хирургиялық операциялардың орындалуын бақылауға арналған.
«С-дуга» сандық аппараты инвазивті емдеу процедураларын сапалы және дұрыс бейнелеу үшін қолданылады. Бұл қарапайым зерттеулер де, дәл және күрделі операциялар да болуы мүмкін.
– Бірнеше жыл бұрын біз травматологтарға арналған ауруханада «С-дуга» аппаратын орнатқан болатынбыз. Дәрігерлер сынықтар кезінде сүйек остеосинтезін жүргізеді, протездер орнатады. Мұның бәрі операциялық бөлмедегі рентген қондырғысының бақылауымен жүзеге асырылады. Екінші «С-дуга» аппараты хирургтар мен урологтардың жұмысында қолданылады. Қазір біздің клиникадағы урологиялық операциялардың 98%-ы дененің табиғи саңылаулары арқылы кесусіз жүргізіледі. «С-дуганы» пайдалану – дәрігердің іс-әрекетін толық бейнелеу және бақылау, – деді аурухана директорының орынбасары Дмитрий Матюшко.
Ауруханадағы операциялар МӘМС және ТМККК жүйесі бойынша тегін негізде де, ақылы түрде де жүргізіледі.
Биыл медициналық мекеме басқа да қажетті жабдықтарды сатып алды. Бұл күн сайын көбірек операция жасауға мүмкіндік беретін анестезия және тыныс алу аппараты. Урологтарға бүйрек тастарын алып тастауға көмектесетін икемді уретроскоп. Ең жаңа жапондық Fujifilm компьютерлік томография аппараты пайда болды – 128 тілім. Айта кетейік ауруханада жылына 10 мыңға жуық түрлі ота жасалады.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі