Қарқаралы

Бар жақсылық – балаларға

Қашан да жақсы істің басында жүретін аудандық жастар ресурстық орталығы тың бастама көтерді. Аудан орталығындағы балалар алаңдарын жөндеп, сырлау жұмыстарын жүргізді.

«Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» демекші, алдыңғы буын ретінде ізбасар бауырларымыздың алаңсыз, таза жерде ойнауына мүмкіндік жасауды – өзіміздің ағалық парызымыз деп санадық. Сол себепті, осы бір ізгілікті істі қолға алып, бастап кеттік. Алдағы уақытта біздің бұл әрекетімізді барлық мекемелер қолдап, жалғастырады деген ойдамыз. Ағаларынан осындай қамқорлықты көрген бүлдіршіндер өсе келе үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйренеді деген сенімдеміз» – дейді жастар ресурстық орталығының маманы Ерсайын Қобыланды.

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button