АймақҚаражалПікірлер

Бағалы бағдар – сенім кепілі

Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған жаңа Жолдауына зор ынтамен ден қойдық. Іс-әрекеттердің бағыты мен бағдарын айқындайтын құжаттан күткеніміз көп еді. Үмітіміз ақталып, сеніміміз нығая түскенін бүкпесіз айтқанымыз жөн секілді. Президенттің әр сөзі соған берік негіз қалады.

Басқа да көңілге жағымды жаңалықтарды айтпағанда, Жолдаудағы моноқалалардың «екінші тынысын» ашуға қатысты ұстаным көңілге аса қонымды болғанын атап өткен жөн. Бұл – оларда тұратын қалың қауымның көкейінде көптен жүрген тілек екені күмәнсіз.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлы азаматтардың әл-ауқаты бірінші кезекте баспана мәселесін шешумен өлшенетініне ерекше назар аударып, биылғы жылдың соңыға дейін БЖЗҚ қорындағы жарнаның бір бөлігін баспана алуға жұмсауға мүмкіндік беретін нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, баспананы жалдау құнын субсидиялау жүйесінің енгізілуі – тың жаңалықтың бірегейі. Бұл қадам – қарапайым тұрғындардың иығына түсер салмақты жеңілдетудің ең тиімді жолы.

Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, жаңа Жолдау – бағалы бағдарларды айқындауымен құнды және сол арқылы атқарушы билікке деген ел сенімінің іргетасын нығайта түседі.

Данияр ДЫБЫСОВ,

Тау-кен техникалық колледжінің директоры.

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button