Бас тақырыпЖезқазған

Жезқазғанда баспана мәселесі шешіледі

Жезқазғандағы Жеңіс көшесі, №11 үй мекен-жайы бойынша орналасқан апаттық үйге қатысты мәселе шешілді. Төтенше жағдайға жол бермеу үшін қала басшылығы қажетті шаралар қолданған. Бұл мақсатта бюджеттен қаражат бөлінген.

Алғашқы қадам ретінде қала әкімі Қайрат Бегімов техногендік сипаттағы объектілік ауқымда төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Содан кейін заңнамаға сәйкес, жылжымайтын мүлікті мемлекет меншігіне алу процедурасы өткізілді.

 Апаттық үйдің 48 пәтеріндегі тұрғындар өтемақыларын алды. Екі пәтер жекешелендірілмеген болып шықты. Сондықтан, оның орнына басқа баспана берілді.

Тұрғындар мәселенің уақытында шешілгеніне дән риза. Олардың айтуынша, өтемақы сомасы жеткілікті.

– Мәселе шешілді. Біз жеткілікті өтемақы алып, жаңа баспанаға қол жеткізгенімізге қуаныштымыз, – дейді тұрғындардың бірі Дмитрий Наймушин. Жезқазғандық Таңа Байтөрин де қала әкімдігінің қолдауына разы пейілін танытты.

 – Барлығы сәтті шешілгені жақсы болды. Біз қазір басқа пәтер іздеп жатырмыз, мәселеміз оң шешілгені үшін алғысымызды айтамыз, – дейді Таңат Байтөрин.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button