Жаңалықтар

Жабырқау сәтте оқы!..

1. Жер бетінде кем дегенде 2 адам сен үшін өмірін қиюға дайын. 

2. Кем дегенде 13 адам сені өздігінше жақсы көреді.

3. Егер сені біреу жек көрсе, онда ол саған ұқсағысы келгендіктен ғана.

4. Сенің күлкің сені ұнатпайтындарды да бей-жай қалдырмайды. 

5. Кеш батқан сайын ұйықтар алдында сені ойлайтын бір адам табылады. 

6. Бір жан үшін сен бүкіл әлемсің. 

7. Өміріңдегі ең үлкен қателікті жасаған кезде де сол қателікпен бір жақсылық ілесе келеді. 

8. Өмір сенен теріс айналды дегенде, оған басқа қырынан қарап көр. 

9. Өмір тағы бір мүмкіндік беріп тұрғанда есіңде бір нәрсе ғана болсын: сенің қолыңнан бәрі келеді! 

10. Өкінішпен оянуға өмір тым қысқа. 

11. Саған дұрыс көзқараспен қарайтын жандарды жақсы көр, жақсы көрмейтіндерді ұмыта сал, бәрінің өз себебі барын түсін. 

12. Мүмкіндік туса – оны әжетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан-аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел. 

13. Ешкім саған бәрі оңай болады демеді. Олар тек болатын дүние соған лайық деді.

Аударған Шынар Әбілдә

Басқа материалдар

Back to top button