Бас тақырыпРесми

Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

КЕШЕ ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА БАСТАҒАН ҮКІМЕТТІК ТОП ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ.

Жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары Жезқазған қаласындағы Медициналық орталық қызметімен танысты. Орталық құрамына 300 орынға арналған стационар мен бір ауысымда 800 адамды қабылдай алатын емхана енеді.

Бұдан кейін Гүлшара Әбдіқалықова қалалық жұмыспен қамту орталығында болды.

 – Жезқазғанда 1,5 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Олардың 300-і – әлеуметтік аз қамтылғандар. Қазір қалада жаңа ережелер бойынша атаулы әлеуметтік көмекті беруге дайындықтар жүріп жатыр, – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары. – Автоматтандырылған жүйе жұмыс істейді. Алыс ауылдар тұрғындарына көмек көрсетіп, оларға кеңес беретін 14 жылжымалы пункт бар.

Сондай-ақ, кеше Гүлшара Әбдіқалықова Жезқазған тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Содан кейін Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларының және Жаңаарқа мен Ұлытау аудандары әкімдерінің, Жезқазған өңірінің ірі кәсіпорын, бизнес құрылымдары мен кәсіподақ ұйымдары жетекшілерінің қатысуымен өткен жиынға қатысты.

 Үкіметтік топтың Қарағанды облысына жұмыс сапарынан жазылған кеңейтілген есепті газеттің келесі санында назарларыңызға ұсынамыз.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button