Бас тақырыпРуханият

Бас жүлде Мирас Асанда

Қарағанды қаласында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған “Өлең – сөздің данасы” атты республикалық жыр мүшәйрасы өтті. Еліміздің әр өңірінен келген 17 ақынның арасынан Мирас Асан оза шауып, байқаудың бас жүлдесін иеленді, – деп хабарлайды Ortalyq.kz

 Жыр бәйгесіне 16-35 жас аралығындағы үміткерлердің жыраулық поэзия үлгісінде жазылған шығармалары қабылданды. Қатысушылар тарапынан Бұқар жырауға арналған өлеңдермен қатар Елордамыз – Астананың 20 жылдығы және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді толғаған туындылар ұсынылды. Байқауға республиканың 11 өңірінен және облысымыздан барлығы 50 үміткерден өтінім келіп түсті. 

Мүшәйраның жеңімпазы және жүлдегерлер дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бас жүлде – 500 000 теңге.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button