Жаңалықтар
Аралар төртке дейін санай алады. (Қызықты деректер)
Ғалымдардың айтуынша қызықты дерек оқығанда, адамның көңіл-күйі көтеріліп, өмірге деген құлшынысы арта түседі екен. Сондықтан, сіздердің назарларыңызға қызықты деректер топтамасын ұсынып отырмыз.
- Адамның мұрны өмір бойы өседі.
- Күнделікті тігін тіккенде немесе шаш қысқартуда пайдаланылып жүрген кәдімгі қайшыны Леонардо да Винчи ойлап тапқан.
- Атақты пұшық мұрын Сфинкстың тұмсығы адамдардың қолымен бұзылған. 1378 жылы бір шейхтың бұйрығымен қиратылған.
- Адам көзін ашып түшкіре алмайды екен.
- Адам жүрегі сол жақта емес, көкіректің орта тұсында орналасқан.
- Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар АҚШ-тағы ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардан да көп.
- Швед экономистерінің пайымдауынша темі шегуден науқастанған адамдарды емдеуге кететін мемлекеттің шығыны, зейнетақы қоры арқылы қайта қалпына келеді. Өйткені темекіқұмарлар ана жаққа ерте кетеді.
- Отты мұздай суға қарағанда ыстық су тез өшіреді.
- Түйеқұстың миынан көзі үлкен.
- Жердегі адамдардың жартысына жуығы қар көрмеген.
- Ақ аюдың терісінің түсі негізінде қара түсті.
- Итальяндық кординал, Джузеппе Меццофанти Итальядан ешқашан сырт елге шықпаса да 39 тілді меңгерген. Бірде азанда өлім жазасы орындалатын шетелдік азаматпен тілдесу үшін, түнде сол азаматтың тілін үйреніп алған.
- Ақ аюлардың барлығы солақай болады.
- Күн секундына 4 млн. тоннаға жеңілдейді. Осы қарқынмен 5 млрд. жылдан кейін сөнуі мүмкін.
- Қолтырауын тілін шығара алмайды.
- Аралар төртке дейін санай алады.
- Тіл адамның денесіндегі ең мықты бұлшық ет.
- “Қараш-қараш оқиғасы” Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың басынан кешкен оқиғалары бойынша жазылған.
- Ең алғаш машинкамен жазылған роман «Том Сойердың басынан кешкендері»
- Ұлу 3 жыл бойы ұйықтауы мүмкін.
- Пілдер секіре алмайтын жалғыз хайуан.
- Шолпан Күн жүйесіндегі сағат тіліне қарсы жүретін жалғыз планета.
- Грецияның ән ұраны 158 шумақтан тұрады.
- АҚШ тұрғындары жыл сайын 18 гектар пицца жейді.
- Жолбарыстың тек жүндері емес терісіде ала болады.
- Бір шаш 3 келі жүкті көтере алады.
- Орта есеппен адам жеті минутта ұйықтайды.
-
Егер казино рулеткасында жазылған барлық санды бір-біріне қосса, сиқырлы 666 саны шығады.