Қарағанды облысында жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері ұсталды

Қарағанды облысына қарасты Балқаш өңірінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ауданаралық бөлімінің басшысы ұсталып, іс қозғалды, — деп хабарлайды Ortalyq.kz

  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахиннің мәлімдеуінше, айыпталушы 2018 жылдың 26 мамыры күні ұсталған.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ішкі қауіпсіздік басқармасының мамандары  алдын ала тексеру шараларын жүргізу арқылы Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірге ұстау шарасы жүргізеді. Күдіктіге коммерциялық құрылымдарға қорған болды және мемлекеттік қаражатын жымқыруға қатысты деген айып тағылып отыр.  

Тергеу ісінің құпиялығына байланысты өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.