Жуырда Қарағандыдағы «Бегопарк» балалар ойын-сауық орталығында құтқарушылардың оқу-жаттығу жиыны өтті.
Ойластырылған жоспар бойынша өрт жертөледе орын алды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірден әрекетке көшті. Ғимараттан 15 ересек адам мен 47 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Оқу-жаттығуға барлығы Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 5 техникасы мен жеке құрамнан 20 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, «Қарағанды Жарық» ЖШС авариялық қызметі мен Жергілікті полиция қызметінің күштері мен техникасы тартылды.
Нұрайым КЕНЖЕХАН,
Қарағанды облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ баспасөз хатшысы.