Жаңалықтар
Зират тонаған
Полиция қызметкерлері Бұқар жырау ауданы Доскей ауылындағы зираттардан ұрланған 11 темір қоршауды қаза болғандардың туыстарына қайтарды.
Бұқар жырау аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері Доскей ауылының маңында 38 жастағы аудан тұрғынының басқаруындағы «Фольксваген-Пассат» автокөлігін ұстап, көлік ішінен зираттардың темір қоршаулары табылған.
Ұсталған азамат 32 жастағы азаматтық некедегі әйелімен бірге Доскей ауылындағы екі мұсылман зиратынан темір қоршауларды сату мақсатында ұрлағанын мойындады. Тергеу барысында күдіктілердің зираттан темір қоршауларды ұрлауының 8 эпизоды дәлелденген.
Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз тілшімізден.