Руханият

Жыршы-жыраулар сайысы өтеді

Заманында Маясар, Болман, Тұңғышбай, Жалқыбай ақындармен айтысқа түсіп, Бөрі батыр жөнінде бірден-бір дерек қалдырған Халық ақыны Жәкен Байтуовтың «Бөрі батыр» жырын орындаушылар арасында сайыс өтеді.

Ел бірілігі мен сөз шындығын ту еткен әйгілі ақынның ел қорғаны болған Бөрі батырға арналған жалынды жырларын, асыл мұрасын дәріптеу, жыршы-жыраулық дәстүрді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған байқау екі номинация бойынша өтеді. Бірінші аталымда қатысушылар Халық ақыны Жәкен Байтуовтың «Бөрі батыр» жырын мәнерлеп, жатқа оқуы шарт болса, ( 20 бет жаттау керек) екінші номинацияда «Бөрі батыр» дастанын жыршылар белгілі бір аспапта (қобыз, домбыра, сырнай) мақамға салып орындауы керек. Сайысқа Қарағанды облысынан барлық үміткерлер қатыса алады. Олардың жасы шектелмейді. Қатысушылар алдын-ала іріктеуден өтеді. Іріктеу кезеңі сайыс басталар алдында екі сағат бұрын өтеді. (30.01.2024 ж. сағат 12.00-де) Іріктеу сайысынан өткен үміткерлер ғана негізгі сайысқа қатыса алады. Әр номинация бойынша қазылар жүлдегерлерді жеке анықтайды.
Екі номинацияның Бас жүлде иегерлеріне жылқы, І орын 100 мың теңге, ІІ орын (екеу) 80 мың, 3 орын (үшеу) 50 мың және қатысқандарға 20 мың теңге жүлде беріледі.

Өтініштер облыстық «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-термешілер мектебіне (жетекшісі А.Жұмағұлов) 27 қаңтарға дейін төмендегі эл.почтаға қабылданады: aitbai_mumin@mail.ru. Қосымша ақпараттар алу үшін 87019796601 нөміріне хабарласуға болады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button