Жаңалықтар

Жырау есімі – ұрпаққа өнеге

Ақадыр кенттік балалар кітапханасында «Жауқазын жырлар» клубы және ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен Шортанбай жыраудың туғанына 200 жыл толуына орай «Зар заман әйгілі кезеңінің өкілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Оқырман залында кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Өткір жырлы кесек ойлы ақын» атты тақырыптық жинақ жасалды. Жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетіліп, шолу жасалды.
Кеште Мәдениет үйінің суретші-безендірушісі А.Төлеухан жыраудың «Бағынбағын орысқа», «Осы үшін айтамын наз», Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейдің оқушылары – А.Мәулен «Зар заман», Д.Елубаева «Келер заман сипаты», А.Қайыркен «Заманда заман, замана» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Осы жолдардың авторы «Бейбітшілік сақталады» атты әнін орындады. Кешке шақырылған қонақтар, жерлес ақындар – Ө.Кәріпұлы, А.Смет, кенттік ардагерлер кеңесінің мүшесі Р.Айғаринов жыраудың өмірі мен қызметі шығармалары жайлы әсерлі әңгіме өрбітті.

Боранкүл БӘКІРОВА.
ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button