АбайАймақ

Жыр жүйріктері анықталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай аудандық мәдениет бөлімі ұйымдастырған «Тілім менің – Тәуелсіздік тірегі» атты жазба ақындар мүшәйрасы қорытындыланып, сайыс жеңімпаздары марапатталды.

Сурет автордан

Бұл өнер бәсекесіне аудан бойынша 25 ақын қатысып, бағын сынаған болатын. Солардың арасынан қазылар алқасы жүлдегерлерді анықтап, оларға дипломдар мен ақша сертификаттарын Абай аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Арман Бапанов табыс етті.

Атап айтқанда, III орын мен 30 мың теңгенің сертификаты осы жолдардың авторы мен Дәулетхан Әбілхайырұлы, Қанат Русланға бұйырса, II орын мен 50 мың теңгенің сертификаты Құзайра Әбдіқалықов пен Гүлжайна Байжұмаға, I орын мен 70 мың теңгенің сертификаты Өміржан Әбілхайырға берілді.

Ал, мүшәйраның бас жүлдесі мен 100 мың теңгенің сертификатын ақын Закария Охан алды.

Марапат соңы дөңгелек үстелге ұласып, онда жүлдегер ақындар өз өлеңін оқып, тіл және тәуелсіздік туралы ойларын ортаға салып, оған қатысып отырған оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Абайлық жазба ақындарды марапаттау рәсіміне ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, XV Халықаралық «Шабыт» фес­тивалінің лауреаты Салтанат Смағұлова қатысып, сөз сөйлеп, өлең оқып, өзінің және ақын жұбайы Ерқанат Кеңесбекұлының жыр кітабын аудандық кітапханаға тарту етті.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button