Коронавирус

Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін ересектердің 60% вакцинациялау қажет – Е.Қиясов

Вакцинаны алғаннан кейін оның салдары болған жағдайда процестің барлық қатысушылары жауап береді: өндірушіден бастап медициналық мекемелерге дейін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас мемлекеттік санитарлық дәрігер хабарлады. Бұдан басқа, Ерлан Қиясовтың айтуынша, өңірлердегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының жанынан бейінді мамандар қатарынан сараптамалық топтар құрылды. Теріс реакция болған жағдайда комиссия тергеу жүргізеді және тиісті шаралар қабылдайды.

«Бүгінгі таңда вакцинациямен барынша көп адамды қамту маңызды. Бұл КВИ бойынша жағдайды жеңуге және карантинсіз қалыпты өмір салтына оралуға, экономиканы тұрақтандыруға, балаларды балабақшалар мен мектептерге, студенттерді дәріс залдарына қайтаруға және жалпы алғанда, туыстарымызбен және жақындарымызбен, әріптестерімізбен және достарымызбен қауіпсіз қарым-қатынас құруға оралуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде вакцинацияның зияны туралы жалған хабарламалар жиі таралады. Сіздерді тек ресми дереккөздердің ақпаратына ғана сенуге, медицина қызметкерлерінің ұсыныстарына құлақ асуға және псевдосарапшылар мен арандатушылардың арбауына көнбеуге шақырамын. Вакцинация инфекциялармен күресте өзінің тиімділігін бірнеше рет дәлелдеді, аурулардың тіркелу деңгейін нөлге дейін азайтты. Бүгінгі таңда бұл иммунопрофилактикамен басқарылатын инфекциялардан қорғаудың ең тиімді шарасы, сондай-ақ карантин мен өзін-өзі оқшаулаудың жалғыз баламасы», – деп түсіндірді елдің бас санитарлық дәрігері.

Алдын ала болжам бойынша және шетелдік ғалымдардың жарияланымдарына сәйкес, КВИ ауруын азайтуға мүмкіндік беретін ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін ересектердің 60% вакцинациялау қажет.

Халықты дүрліктірген вакцинацияның электрондық паспортын енгізу туралы айта кетейік, бұл бұрыннан бар көп жылдық тәжірибенің цифрлық аналогы. Бұл қағаздағы «егу паспортының» цифрлық нұсқасы.

Басқа материалдар

Back to top button