Ресми

Жылыту маусымы кестеге сай

Арқада қыстың аязды күндері басталды. Мұндай сәтте жылу беру бағытындағы жұмыстың мұқият қадағалануы – аса маңызды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жылыту маусымының барысы жөнінде арнайы кеңес өткізді.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Аталған кеңесте аймақтағы барлық энергия орталықтарының басшылары, қалалардың әкімдері қатысып, жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есеп берді. Сонымен қатар, энергияны қадағалау туралы ақпарат та тыңдалды.

Аймақта жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Жылу берудің температуралық режимі сақталған. Қазір станция­ларда отын мен мазуттың қоры жеткілікті.

«Qarmet» АҚ Бас директоры Вадим Басин №2 жылу электр орталығында жетінші қазандықты іске қосуға дайындық жүріп жатқанын атап айтты. Іске қосу туралы шешім реттеу жұмыстарынан кейін ол қолданысқа енгізілмек.

Қазір №2 жылу электер орталығында бес қазандық агрегаты, үш турбогенератор, резервте екі су жылыту қазандығы бар. Тағы бір қазандық пен турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Ермағанбет Қабдулаұлы әкімдер мен энергия орталықтарының басшыларына жылыту маусымының өтуі кезінде әр жауапты тұлғаға дербес жауапкершіліктің жүктелетінін мұқият еске салды.Бұдан бөлек, желтоқсан айындағы айтулы мерекелер кезінде коммуналдық менеджерлерге жеке іссапарлар жоспарламауы қажеттігін қатаң ескертті.

– Өз аумағынан ешкім ешқайда кетпейді. Барлығы орындарында болуы керек! – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button