Ресми

Жылы аялдамада жылу жоқ

Былтыр облыс орталығында жаңадан 14 жылы автобус аялдамасы орнатылған болатын. 14 аялдаманың 8-і – Қазыбек би ауданына тиесілі. Бірақ, тұрғындар олардың сапасы сын көтермейді деп шағымдануда. Бірінде жылыту құрылғылары жоқ болса, бірі – қаңғыбастардың тұрағына айналған.

Сурет ашық дереккөздерінен алынды

Қазыбек би ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Дінмұхамед Райымбеков апта сайын аялдамалар тазаланады дейді. Яғни, бір рет сумен жуылса, екі рет химиялық тазалау жүргізіледі.

Бірақ, жылы аялдамалардың барлығына тазалау жұмыстары уақытылы жүргізіледі деген маманның сөзіне қарамастан, тұрғындар оларға кіру мүмкін емес екенін айтуда.

– Жылы аялдамаларда тұрғылықты жері жоқ адамдар отырады. Сондықтан, жағымсыз иіс шығып тұрады. Ол жерде тұншыққанша, далада тұрғанымыз жақсы, – дейді тұрғындар.

Дінмұхамед Райымбеков жылы аялдамалардың суық болуы – жабдықтардың істен шығуынан дейді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң бәрі қалпына келеді деп сендіреді.

Ал, аялдамада түнейтін қаңғыбастарға қатысты жергілікті билік құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, мәселені шешуде. Одан бөлек, бұзақылар да жылы аялдамалардың жауы. Терезелерін шағып, есіктерін қиратқандарға қарсы рейдтер жүргізіледі.

Осы жылдан қаламызда тағы осындай 11 нысан салу жоспарланғанын айту керек.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button