Бүгін Қарағандыда жылу трассаларының бірінде ақау пайда болды. Қала әкімдігінің айтуынша аталмыш ақау жылу беру сапасына әсер етпейді. Қазір коммуналдық қызметтер ақауды жоюмен айналысуда.

Әлеуметтік желілерде Жамбыл көшесіндегі жылу трассасы құбырларының бірінен ақау пайда болғаны туралы бейнежазба тараған болатын. Қарағанды қаласының әкімдігі бұл ақау осы көшеде орналасқан үйлердегі жылуға әсер етпейтінін айтып, тұрғындарды тыныштандыруға шақырды.
– Жылу желісінен ауаны шығаруға арналған клапанда шамалы ақау пайда болды. Қазіргі уақытта бригада жұмыс істеп жатыр, ақау бір сағат ішінде жойылады. Жылыту сапасына бұл ақау әсер етпейді, – деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.