Жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қарағанды – құрылыс саласы бойынша өңірлердің көшін бастап тұр. Жыл сайын көпқабатты үй тұрғызылып, қала тұрғындарын қуантуда. Бүгінде жаңа үйлерді жылумен қамтамасыз ететін Қарағандыдағы үшінші жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
– Жылу электр орталығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Келер жылы орталықтағы барлық жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа береміз деген жоспар бар. Қосымша жылу құрылғыларын орнатып, қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі жаңа үйлердің біразын осында қосамыз. Қазіргі таңда қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде 800 мың шаршы метр үй салынуда. Одан бөлек, мектеп, балабақша және тағы да басқа нысандар бой көтереді. Жаңа ғимараттың бәрін осы ЖЭО–3жылумен қамтамасыз ететін болады, – деп атап өтті аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz