Жылмен жеткен жаңалық

Қарағандыға жылмен жеткен жаңалық болды! Әсіресе, әдеби ортаға. «Орталықтан» түлеген, өлең өлкесінде қанатын еркін қаққан ақын Мирас АСАН ұлдарыңыздың өңіріне

Төлеген Айбергенов атындағы медаль тағылды. Жерлесімізді жетістігімен құттықтап қоюды жөн көрдік.

Қазақта поэзия десе, Мұқағали мен Төлеген еске түсетінін несіне жасырайық?! Солардың шалқар әлемінен сусындап, терең тыныс алған Мирасқа және сол қатарлы ақындардың біразына аталған медаль Қазақстан Жазушылар одағында табысталды. Бұған дейін «Соңғы раушан», «Бекзат» атты жыр жинақтар

ы шығып үлгерген шайырдың бұл

– Қарағандыдан Астанаға барғалы жыр жолындағы жетістіктерінің бірі десек, артық емес шығар. Төлегенді Мирас о бастан жата-жастанып оқып, жатқа соғушы еді. Ар

уағы жебепті.

Алысқа шап, әріптес!

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.