Бас тақырыпЖаңалықтар

Жылан шаққан бір жарым жастағы бала 15 күн бойы комада жатыр

Балқашта жылан шағып алған бір жарым жастағы бала қалалық орталық аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Өкініштісі, баланың анасы оқиға орын алған күні медициналық көмекке жүгінбеген.

 

Баланы медицина қызметкерлері тексерісімен, жансақтау бөліміне жатқызған. Бұл кезде баланың жағдайы нашарлап, дене мүшелері жансыздана бастаған. Орталық жүйке жүйесі де зақымданған. Балқаштық дәрігерлер аймақтағы жоғары дәрежедегі нефролог, реаниматолог, хирургтармен онлайн консультация өткізіп, соңында баланы санитарлық авиациямен облыстық балалар клиникалық ауруханасына жекізген.

– Баланың облыстық клиникада жатқанына 15 күн. Әлі комада. Дегенмен, білікті медицина мамандарының арқасында оң нәтиже де жоқ емес. Бала өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Аяғынан тік тұрып кетеді деп сенеміз, – деді облыстық балалар клиникалық ауруханасының мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button