«Жыл үздіктері» анықталды
Бүгін Қарағандыдағы «Достық» үйінде дәстүрге айналған Жұмабек Тәшеневтің жүлдесі табысталды. Байқау қорытындысы бойынша 10 аталымда 10 жеңімпаз анықталады. Іс-шараға облыстық мәслихаттың төрағасы Нұркен Қобжанов пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов қатысып, жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, бұл байқаудың басты мақсаты Мәдениет пен әдебиетке, ғылым мен білімге еңбек сіңірген тұлғаларды, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүрген дарынды ақын-жазушылар мен жастарды, қоғам белсенділері мен қайраткерлерін анықтап, «Жыл үздігі» сыйлығын табыстау. Биылғы шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Құрмаш Мақан арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Байқау қорытындысы бойынша:
«Жылдың үздік қайраткері» – Нұрсұлтан Шаменов;
«Жылдың үздік айтыскері» – Тілеген Әділов және Жандос Бақытұлы;
«Жылдың үздік ақыны» – Руслан Нұрбай;
«Жылдың үздік қаламгері» – Қасымхан Ғалым;
«Ғылым мен білімге және ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегі үшін» – Шапағат Жалмаханов, Жансая Жарылғапов;
«Оқу-ағарту және ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегі үшін» – Ләззат Асқарқызы, Жадыра Баймолдина;
«Жылдың үздік мәдениеті және өнер қайраткері» – Қалкен Қасымов;
«Жылдың үздік тілшісі» – Аяжан Мақан;
«Жылдың атымтай жомарты» – Асқар Оразбеков;
«Жылдың үздік белсендісі» – Айсұлтан Жақыпов.

Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие мен азаматтық мінез қалыптастырудағы көп жылғы еңбегі мен өңіріміздің руханиятының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін Дариға Рақымқызы, Рымбала Кенжебайқызы, Махмұд Садықанов, Темірхан Абылаев және Кенже Қожабаевқа арнайы Алғыс хат табыстап, сауықтыру кешеніне жолдама берді.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz



