Бас тақырыпБасты тақырып

Жыл соңына дейін облыста 15 жаңа өндіріс іске қосылады

Жыл соңына дейін аймақта 15 жаңа өндіріс іске қосылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Онда технологиялық желі операторлары, кран машинистері, электрмонтерлер және басқа да мамандар еңбек ететін болады.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

– Тек «Тэмпо Казахстан», «Тау-Кен Темір», «Qaragandy Power Silicon» секілді кәсіпорындардың өзінде шамамен 600 жаңа жұмыс орны ашылады, – деді өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Молдакәрімов.

2026 жылға қарай қосымша мыңнан астам адамды, ал 2027 жылы 600-ден астам тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, жұмыспен қамту – халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі.

– Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне кешенді әрі жүйелі түрде қарау қажет. Кәсіби оқытуды жалғастырып, зейнет алды жастағы азаматтарды жұмысқа тарту үшін кәсіпорындарды ынталандыру қажет. Сондай-ақ «Алтын жас» пен «Жұмыс тап» сияқты жобаларды дамыту және әлеуметтік осал топтарға қолдауды күшейту маңызды. Өңірдің әлеуетін барынша тиімді пайдалануымыз керек., – дейді Ермағанбет Бөлекпаев.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button