Бас тақырыпБасты тақырып

Жыл басынан бері елімізде 8 мың электросамокат айып тұрағына қойылды

2025 жылдың басынан бері елімізде электросамокаттармен жасалатын 29 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасының жолы кесіліп, 8 мың электросамокат айып тұрағына қойылған. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлады.

Сурет baq.kz

Ол былтыр электросамокаттарды пайдалануға бақылауды қатаңдату туралы тиісті ұсыныстар берілгенін, бірақ олардың бірқатары қолдау таппағанын айтты.

Алдағы уақытта Депутаттар қарап жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көліктің жаңа түрлерінің қозғалысын реттеу және жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салу ұсынылуда. Ал әкімдіктерге оларды пайдалану ережелерін қабылдау құқығын беру ұсынылуда.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button