Бас тақырып

Жыл басынан бері аймақта қызылшамен 415 адам ауырған

Бүгінгі күнгі ақпарат бойынша, жыл басынан бері облыста қызылшамен ауырған 415 жағдай зертханалық расталған. Жоғары сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіші Қарағанды, Балқаш, Шахтинск қалалары мен Нұра, Қарқаралы аудандарында тіркелген. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова мәлім етті.

Сурет: z-taraz.kz сайтынан

Сонымен қатар, науқастардың 84 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар екенін, ал оның 41 пайызы бір жастан төрт жасқа дейінгі балалар екенін атап өтті басқарма басшысының орынбасары. «Бұл аурудың алдын алудың ең сенімді шарасы – вакцинация , вакцинация ауруды асқынудан қорғайды» дейді мамандар.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button