Жаңалықтар

Журналист Сүйіндік Жанысбай – «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында университет Басқарма төрағасы – ректор Сауле Сагинтаева ұжымды мерекемен құттықтап, үздік еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ университеттің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.

Сурет автордан

Тіл саясатын дамытуға қосқан ерекше үлесі және тілдерді дамыту саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің екі қызметкері марапатталды. Солардың бірі – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, журналист Сүйіндік Жанысбай.

Сүйіндік Жанысбай Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Маркетинг және PR департаментінде аудармашы болып қызмет етеді. Қаламгер  тапсырылған істі сапалы орындайтын жемісті еңбегімен көрініп, техникалық терминдерді қазақ тілінде сөйлету жұмыстарын атқаруда.  

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button