Ресми

Журналист Бекзат Жүсіп жаңа қызметке тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің бұйрығымен журналист Бекзат Жүсіп «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бекзат Жүсіп 1989 жылы Маңғыстау облысында туған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Журналистика факультетін тәмамдады. ҚазХҚжС университетінің экономика магистрі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Шығыс Англия университеті «Медиа, Мәдениет және қоғам» магистрі (Ұлыбритания).

Еңбек жолын 2006 жылы West радиостансасының жаңалықтар қызметінде редактор-жүргізушіліктен бастаған (Ақтау қаласы).

2007-2008 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор-жүргізуші;

2008-2009 жылдары – «Алматы» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында редактор-жүргізуші (Алматы);

2009-2012 жылдары – «КТК» телеарнасында жаңалықтар қызметінің редакторы (Алматы, Астана);

2012-2013 жылдары – «Хабар» телеарнасының ақпараттық-сараптама дирекциясында бөлім продюсері (Астана), редактор-жүргізуші;

2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы;

2019-2021 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ МОФ – «Маңғыстау» телеарнасының директоры (Ақтау қаласы);

2021-2022 жылдары – Президент Әкімшілігі, Қазақстан Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылдың сәуір айынан бері Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

VII шақырымының Ақтау қалалық мәслихаты депутаты болған.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button