ЖСДП жаңа Конституция жобасын талқыға салды
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Орталық аппаратында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған Саяси кеңес отырысы өтті.

Қатысушылар өзгерістердің ел дамуына әсерін, саяси жүйені жаңарту мен мемлекет пен қоғам байланысын нығайту мәселелерін қарастырды.

Жиында конституциялық өзгерістердің әлеуметтік саясатты күшейтуге, еңбек қатынастары мен азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталуы қажет екені айтылды. Сондай-ақ билік тармақтарының тиімді өзара іс-қимылын қалыптастыру мен мемлекеттік органдар жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысында ЖСДП конституциялық реформаның негізгі бағыттары бойынша ортақ ұстаным қалыптастырып, алдағы талқылауларға белсенді қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



