ЖСДП Әлихан Смайыловтың кандидатурасына не себепті қарсылық танытқанын түсіндірді
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловтың тағайындалуына қарсылық танытты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Бүгінгі кездесуде көтеріліп отырған сұрақ өте маңызды, тағдыршешті десек те болады. Сөз жоқ, біз сіздің 30 жыл бойы әбден былыққа батқан жүйені өзгертемін деген құлшынысыңызды көріп отырмыз. Бірақ, оны ертең жүзеге асыратын мемлекеттік аппарат, оның ішінде Үкімет екені анық. Күні кеше өзіңіз де болашақ Үкіметтің алдында бұрын-соңды болмаған ауқымды міндет қойдыңыз. Біз 20 жыл билікке оппозицияда жүріп, халқымыздың әл-ауқатының төмендеуіне Үкіметтің әлсіз әлеуметтік саясаты екендігіне көзіміз жетті. Ал енді бүгін аманаттықтар өз көпшілігін көрсетіп, ұсыныс беріп отыр. Әрине, парламенттік оппозиция ретінде біз ұсынысқа қарсымыз, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев қатысқан Мәжілістің жалпы отырысында ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев.
Жалпы отырыстан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ол Алихан Смайыловты қайта тағайындамай, 20 млн-ға жуық халықтың ішінінен Қазақстанның Премьер-Министрі лауазымына барынша лайықты басқа кандидат табуға болар еді деген ойын жеткізді.